Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында 40-тан астам шетел азаматы заңсыз жұмыс істеп келген

Ақмола облысы, гастербайтер, шетел азаматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2023 10:53 Сурет: Telegram/police_of_kz
Ақмола облысының полицейлері Өзбекстанның 43 азаматына жұмыс берген Қазақстан Республикасының азаматын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдері шетел азаматтары ҚР ӘҚБтК 517-бабы 5-бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

"Ал уәкілетті органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін жұмыс берушіге қатысты ҚР ӘҚБТтК 519-бабы  (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша хаттама толтырылды", – делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

3 шілде күні Алматы облысында Тәжікстанның екі азаматын өлтірді деп күдікке ілінген шетел азаматы ұсталды. 26 маусым күні Қарасай ауданының полиция басқармасына жеке үйлердің бірінен пышақ жарақаты бар екі ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, табылған мәйіттер 30 бен 34 жастағы Тәжікстан Республикасының азаматтары болғаны анықталған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: