Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде заңсыз жүрген алты шетел азаматы анықталды

Мигранттар, Ақтөбе, заңсыз көші-қон, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2024 19:27 Сурет: polisia.kz
Полиция қызметкерлері Ақтөбе облысы ҰҚКД шекара қызметінің қызметкерлерімен бірге жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында Ауғанстан Ислам Республикасының алты азаматын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың үшеуі Қазақстан Республикасында көші-қон саласындағы заңнаманы бұзып, виза мерзімі өткеннен кейін елден кетпегені анықталды.

"Тексеру кезінде аталған шетелдіктер елге 2023 жылғы қарашада жеке компаниялардың шақыруы бойынша іскерлік санаттағы визалар негізінде келгені анықталды. Заңды болу мерзімі аяқталғаннан кейін қабылдаушы тұлға олардың елден кетуі жөнінде шаралар қабылдамаған, сондай-ақ шетелдіктердің өздері Қазақстан Республикасынан өз бетінше кетпеген", делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Заңсыз келген шетелдіктер мен қабылдаушы тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілгені де нақтыланады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: