Жаңалықтар тізбегі
0

Полиция 12 жылдан бері Қазақстанда құжатсыз жүрген шетелдікті еліне қайтарды

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2024 19:34 Сурет: polisia.kz
Ақтөбе облысының аумағында жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері паспорттың жоғалуы себебінен ҚР қолданыстағы заңнамасын бұза отырып, 12 жылдан астам елде өмір сүрген Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шетелдік азамат Қазақстанға 2012 жылдың желтоқсанында жұмыс істеуге келген, алайда өзінің елде болуын заңдастырмай, Қазақстанның әртүрлі аймақтарында тұрып, жеке басын куәландыратын құжаттарын белгісіз жағдайда жоғалтқан.

Шетелдіктің құқықтық мәртебесін айқындау мақсатында Ақтөбе облысының полиция департаменті қызметкерлері Өзбекстан Республикасының құзыретті органдарымен байланыс орнатып, оның Өзбекстан азаматы екені растады. Әрі қарай полицейлер шетелдік азаматқа құжатты рәсімдеді.

Осыдан кейін көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін өзбекстандық азамат сот қаулысының негізінде Қазақстан Республикасынан шығарылды. Қазіргі таңда ол өз үйінде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: