Алматыда тауда жоғалып кеткен турист өлі күйінде табылды

Алматыта тауға шығып кеткен турист үш күн бойы іздестірілді. Туристтің мәйіті табылды деген ақпарат бүгін әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

39 жастағы турист тауды Шымбұлақ – Талғар асуы (3163 метр) – Богданович мұздығы (3500 метр) – Абай шыңы (4010 метр) бағыты еңсермек болған.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 5 тамызда ер адам таныстарына сол күні сағат 21:00-де қалаға қайтатынын ескерткенімен, белгіленген уақытта байланысқа шықпаған.

Ер адамды іздеуге дереу ТЖД қызметкерлері, ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен кинологиялық есептоптары, құтқару қызметтері мен "Доброспас" волонтерлері жіберілді. Құтқарушылар түні бойы тауда туристі іздеді.

6 тамызда таңертең ТЖД қызметкерлері іздестіруге ұшқышсыз ұшу аппараттарын қосты. ТЖМ Қазавиақұтқару авиаборты да ұшуға дайын болды. Алайда, таулы аймақтағы ауа райының нашарлауына және қатты жаңбырға байланысты ұшуға рұқсат берілмеді. Іздеу-құтқару операциясына Альпинизм федерациясының қызметкерлері де қосылды

Бір тәулік ішінде ТЖМ және ерікті құтқару қызметтерінің қызметкерлері жоғалған туристің тау бағыты бойынша барлық іздеу аймақтарын: Чертово шатқалы, Қарлытау шыңы, Хрищатый шыңы, Талғар асуы, Абай шыңы, Богданович мұздығын барынша қамтыды. Іздеу жұмыстары түнде де тоқтаған жоқ.

ТЖД қызметкерлері таудағы ауа-райы жақсарғаннан кейін ұшқышсыз ұшу аппаратын іске қосты. Іздеу орнында ТЖД, ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының отыздан астам қызметкері, ерікті құтқару қызметінің еріктілері, қалалық құтқару қызметінің құтқарушылары, Алматы қаласының Альпинизм федерациясының өкілдері, екі кинологиялық есептоп және ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: