Той деп жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі ұсталды

Сурет: pexels
Түркістан облысының полицейлері жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Бұған дейін әлеуметтік желіде күйеужігіт пен қалыңдық мінген көлік полицейлердің жарқырайтын дабылын қосып, тас жол бойымен жүріп өткен видео тараған еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында той кортежінде жол ережесін сақтамаған және рұқсат етілмейтін қызыл-көк түсті маяк орнатып, тіпті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз трассада емін-еркін жүрген екі көліктің бейнежазбасы анықталды.


"Құқық бұзушылық Қазығұрт ауданында болған. ВАЗ 21015 көлігі анықталып, оның жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК 590-бабы 2-бөлігі, 603-бабы 2-бөлігі, 601-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Жүргізуші кінәсін толық мойындады", - делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Ал бейнежазбадағы екінші Lada Granta көлігін басқарған шымкенттік тұрғынның жеке басы анықталды. Оны тәртіп сақшылары іздеп жатыр.

Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды