Талдықорғандағы ПИК қызметін автоматтандыру кезінде 162 миллион теңге жымқырылған

Талдықорғанда ірі көлемде қаржы жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің 11 тамыз күні таратқан мәліметі бойынша, ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп, Талдықорғанда ПИК қызметін автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу кезінде алдау жолымен ұрлық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

"Үш ЖШС "Талдықорған қаласының ақпараттық-талдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 162 млн теңге сомасына "ПИК қызметін автоматтандырудың бағдарламалық қамтамасыз ету қызметін сатып алуға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны анықталды. Бағдарлама басқару органдарының (ПИК) қызметін автоматтандыруға, басқарушы компаниялардың қызметін және қаланың тұрғын үй қорының жай-күйін бақылау бойынша әкімдіктің міндеттерін шешуге, сондай-ақ тұрғын үй қатынастарына қатысушылардың өзара іс-қимылына арналған", – делінген ҚМА таратқан хабарламада.

Алайда олар істемейтін бағдарламалық өнімді жеткізген, осылайша коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерін алдау және олардың сенімін теріс пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

"Сот үкімімен үш ЖШС басшылары кінәлі деп танылды, оларға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 5 жыл мерзімге мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру мен қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу түріндегі жаза тағайындалды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Ведомство бұған қоса сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында келтірілген 162 млн теңге залал сомасы толық өтелгенін атап өтті.

Талдықорған
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: