Елімізде "Қызыл кітапқа" енген құстарды қорғау мақсатында өтетін "Сұңқар" акциясы басталды

Сурет: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
"Қызыл кітапқа" енген құстарды қорғау мақсатында ұйымдастырылған шара 15 қазанға дейін жалғасады.

Оның мақсаты – аталмыш құстардың ұя салатын жерлерге қоныс аударуы кезінде Ителгілерді аулау және өткізуге мамандандырылған ұйымдасқан қылмыстық топтардың алдын алу. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.


"Жыл сайынғы табиғат қорғау акциясын "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК инспекторлары Орман шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелерімен және полиция қызметкерлерімен бірлесіп өткізеді. Биыл бұл шараға 163 инспектор мен 79 бірлік техника жұмылдырылған. Құстардың шоғырланған аумақтарында облыстардың ПД-мен бірлесіп 9 блокпост орнатылды" - делінген министрлік хабарламасында.

Еске сала кетейік өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сонымен қатар пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысқан жағдайда мүлкі тәркіленіп, он 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

Қазақстанда гуманоид роботтар өндірісі бір жолға қойылады

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыдағы Достық даңғылынан басталатын Құрмет көшесі алты күнге жабық