Павлодарда алты жасар баланың артынан қуған жалаңаш бойжеткен аң секілді ұлыған

Сурет: unsplash
Затон ықшам ауданында болған оқыс оқиға жайлы алдымен әлеуметтік желіде жазба жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Кеше, 27 тамызда психотропты заттың әсерімен жалаңаш қыз менің алты жасар баламның артынан жүгіріп, шабуылдады. Енем баланы алып үлгерген, бірақ ол тоқтамастан жануар сияқты ұлыған. Ата-аналар сақ болыңыздар", деп Pavlodarnews.kz жазба авторының сөзін келтіреді.

Әйел адам баланың есеңгіреп қалғанын, сол сәтті түсіріп алған жандар болса, видеосын жіберуді сұрайды. 

Облыстық полиция департаментінде Павлодар қаласы полиция басқармасының Оңтүстік бөлімінде аталған факт тіркелгенін хабарлады.


"Әйел адамның жеке тұлғасы анықталды. Аталған фактіге қатысты облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 449-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды", делінген полиция хабарламасында.
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған