Ақтөбеде ер адам әйелді кірпішпен қуалады

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде әйелге әлімжеттік көрсеткен ер адамның бейнежазбасы тарады. Кадрдан ер адамның әйелді кірпішпен қуып келе жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлер осы бейнежазбаға түсініктеме берді.

"29 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Ақтөбе облысы Шалқар қаласы Желтоқсан көшесінің бойында 32 жастағы Шалқар қаласының тұрғыны қоғамдық орында азаматшаны боқтап, балағаттап қоғамдық тәртіпті бұзған", – деп хабарлады полиция қызметі.

Бұл дерек бойынша Шалқар қаласының тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылған.

Күдікті Шалқар ауданы полиция бөлімінің арнайы бөлмесіне уақытша қамалды.


Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент