Өскемендік құтқарушылар қуысқа қысылып қалған күшікті құтқарды

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Құтқарушылар атап өткендей, бастапқыда күшік бүрісіп алған, бірақ кейін өзіне көмек көрсетілетінін түсініп, олардың жұмысына кедергі келтірмей өзін қалыпты ұстаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Михаэлис көшесімен кетіп бара жатқан адам қыңсылаған дыбысты естіп, бірден "112" қызметіне қоңырау шалған. Оқиға орнына шұғыл жеткен ТЖД қызметкерлері жертөледе кішкентай күшіктің бетон плитаның қуысына түсіп, қысылып қалғанын анықтады.  ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағының құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен жануарға зиян келтірместен оны қауіпті аймақтан аман-есен алып шықты".  ШҚО ТЖД баспасөз қызметі


Құтқарылған "төрт аяқтыны" көмек шақырған ер адам алып кеткені де нақтыланады. 

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты