Сел қаупі бар: Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Сурет: Zakon.kz
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова алдағы тәулікте еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынның мол болуына байланысты таулы өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, кейбір өзенде жоғары су тасқыны, селдің қалыптасуы және өтуі мүмкін. Таулардың беткейлерінде қарқынды еңіс ағыны қалыптасуы мүмкін.

"Елдің шығысында су деңгейінің шамалы ауытқуы болжанып отыр. Оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда сел қаупі сақталады".Жанна Дәуренбекова

Төтенше жағдайлар министрлігі тауға бармауды, сонымен қатар таулардағы жағдай туралы хабарламаларды қадағалап отыруды ұсынды.

"Қауіп төнген немесе кенеттен сел болған жағдайда жер бедерінің ең биік нүктесіне көтеріліңіз", - деді Жанна Дәуренбекова.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 5-7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты