Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты

Сурет: polisia.kz
Алматы облысында атыс шығып, бір адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері атыс қатысушыларын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтің Instagram-дағы парақшасында жазуынша, адам өліміне алып келген атыс 7 қыркүйек күні болған. Іле ауданының ОАА-ға тегіс ұңғылы қарудан жарақат алған 4 жергілікті тұрғын түсті. Тағы бір адам ауруханаға барар жолда қайтыс болды.

"Аталған деректер ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) және ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша тіркелді. Оқиғаға қатысушыларды полиция қызметкерлері анықтап, ұстады. Жағдайлар анықталуда".Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов

ПД бастығы қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның сөзінше, Алматы облысында жағдай тұрақты және бақылауда.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз