Астанада Ақбұлақ өзенінің түбі 20 жылда алғаш рет тазартылды

Сурет: Астана әкімдігі
Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Ақбұлақ өзенінен Есіл өзеніне су ағызуды бастады. Бұл іс-шара Ақбұлақ өзенінің түбін көпжылдық шөгінділерден одан әрі тазартуға қажет.

Ақбұлақ өзені қала тұрғындары мен жастардың демалыс орындарының біріне, спортпен шұғылдануға және ескек есуден жарыстар өткізуге арналған орынға айналған еді. Енді қыркүйектен бастап 2024 жылдың сәуіріне дейін өзен түбі тұнба шөгінділерден тазартылмақ. 

Мұндай көлемдегі ағынды тазарту 20 жылда алғаш рет жасалды. Түбінің лайлануы су қоймасының батпақтануына, жағымсыз иістің пайда болуына әкелуі мүмкін. Сондықтан ағынды тазарту - қалыпты экобалансты сақтауға ықпал ететін маңызды оқиға.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан атқарылып жатқан жұмысқа түсіністікпен қарауды сұраймыз. Ақбұлақ өзенінің су балансы түбін тазалау аяқталғаннан кейін міндетті түрде қалпына келтіріледі. Ақбұлақтағы барлық іс-шара тек су айдынының сапасын жақсартуға, оның экологиялық жағдайын, флорасы мен фаунасын қалпына келтіруге бағытталған", - делінген Астана әкімдігі хабарламасында.
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды