Ақтөбе облысы Kundelik платформасынан бас тартты

Сурет: primeminister.kz
Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының өзінде мектептер BilimClass жаңа электронды платформасына көшті.

Бұл ақпаратты облыстық білім басқармасы хабарлады, деп жазды AktobeTimes.

"Биылғы оқу жылынан бастап Ақтөбе облысының мектептері "Күнделік" электронды журналын пайдаланбайды", - дейді білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Білім беру бөліміндегі өзгерістің себебі - биыл 150-ге жуық аудан мектептерін жабдықтау бойынша пилот жобаға 5 миллиард теңге бөлінгені.

"Оның 12-сінде пән кабинеттері толық жабдықталды. 134 шағын жинақталған мектепте компьютерлер мен интерактивті тақталар сатып алынды. Жабдықтармен қатар онда оқушылардың цифрлық сауатын арттыруға арналған цифрлық ресурстар бар. BilimClass платформасы тегін болғандықтан оған барлық қалалық, аудандық және ауылдық мектептерді кіргізейік деп шештік.

Нұргүл Бертілеуованың айтуынша, енді жаңа электронды күнделікте коммерциялық жарнама болмайды. Себебі жарнамаға ата-аналар жиі шағымданатын еді.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін