Үш адамды өлтіріп, көміп тастаған: Ақтөбеде 24 жыл бойы іздеуде болған Ресей азаматы ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе полицейлері мойнына үш адамның қанын жүктеп, ресейлік құқық қорғау органдарынан 24 жыл бойы жасырынып келген қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ресей Федерациясының 56 жастағы азаматын ұстады. Ол үш адамды өлтіргені және қарақшылық шабуыл жасағаны үшін өз елінде іздеуде жүрген.

"Ол 1999 жылдың күзінде Орынбор қаласында адамдар тобымен (бұрын сотталған және ұсталған 3 адаммен) алдын ала сөз байласып, қаржылай пайда табу мақсатында 3 азаматқа қарақшылық шабуыл жасап өлтірген және қылмыс іздерін жасыру үшін олардың мәйіттері өртеп, көміп тастаған", – делінген полиция департаменің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомство ұсталған адам тергеу изоляторына қамалғанын, оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеді.


Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі