Таразда мектепте өрт болып, бес құрылысшы зардап шекті

Сурет: Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі
17 қыркүйекте сағат 00: 32-де Тараз қаласында Кенен Әзірбаев көшесі бойындағы №44 орта мектептің үшінші қабатындағы кабинетте өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызыл жалын 20 шаршы метрді қамтыды.

6 маусымнан бастап мектептің бір қанатында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқаны нақтыланады.


"Өрт сағат 00:50-де оқшауланып, 00:52-де жойылды. Өрт салдарынан алған әртүрлі жарақаттары бар 5 адам ауруханаға жатқызды (құрылысшылар): 1986, 2001, 2002, 2002 жылғы әйелдер және 1997 жылғы ер адам", делінген хабарламада.

Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.

Сондай-ақ, оқиға орнында өңірлік ТЖД-ның жеке құрамынан 34 адам және 9 техника жұмыс істегені де нақтыланады.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды