Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шаруа қожалықтарының жер телімдерінде таңқурай отырғызылмаған, көшеттер мүлдем сатып алынбаған.
"Өздерінің қылмыстық әрекеттерімен 4 адамнан тұратын топ 2 жыл ішінде мемлекетке 900 млн теңгеден астам шығын келтірген. 2023 жылғы 7 сәуір күні бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 216-бабының 3-бөлігі және 218-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды".Жамбыл облысының прокуратурасы
Қадағалаушы орган өкілдерінің мәлімдеуінше, тергеу барысында барлық күдікті қамауға алынып, олардың жалпы құны 1,9 млрд теңге болатын мүлкіне тыйым салынды.
"2023 жылғы 12 қыркүйек күні қылмыстық іс айыптау актісімен аяқталып, қарау үшін сотқа жолданды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жариялауға жатпайды".Жамбыл облысының прокуратурасы
Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп есептеледі.