Алматыда суды тұтыну нормасы енгізіліп, тариф көтерілуі мүмкін

Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада су тұтыну нормасын белгілеп, тарифтерді өзгерту қажет деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 қыркүйек күні тұрғындардың әкіммен кездесуінде Түрксіб ауданының тұрғыны көлік жуу орындарының кілем немесе көлік жуғанда ауыз суды пайдаланатынына наразы болды. Ол мұны "үлкен қылмыс" деп атады.

"Біздің қалада су шексіз арзан. Шексіз. Ал бұл мәселе көлік жуу және химиялық тазалау орындарына қатысты. Біз мемлекет басшысы мен үкіметке суды тұтынудың қалыпты нормасын енгізу туралы ұсыныс жасағымыз келеді. Онда белгілі бір тариф болады. Ал суды тұтыну нормасынан асып кеткенде бағасы нарықтық бағамен төленуі керек", - деп жауап берді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, биылғы жаз қаланың кейбір аудандарында "су басты байлық" екенін көрсетті.

"Сусыз күнің жоқ екені байқалды", - деді әкім.

Осы орайда Досаев әкімдік сумен жабдықтаудың жаңа тарифін әзірлеп жатқанын мәлімдеді.

"Өзгерістерді дайындап жатырмыз. Суды пайдаланғанына қарай тарифтер өзгереді. Өйткені теориялық тұрғыдан алғанда, компаниялар барлығын жуып, толтыру үшін ауыз суды емес, технологиялық суды пайдалануы керек. Бірақ қазіргі су бізге Кеңес Одағынан мұраға қалды және біз оны аямай пайдаланып жатырмыз. Дегенмен меніңше көзқарасымызды қайта қарастыратын уақыт келді. Алматы қаласы суды үнемдеп жұмсаудың жақсы үлгісін көрсете алады және болашаққа ұқыпты етіп қалдыра алады деп ойлаймын", - деп түсіндірді Ерболат Досаев.

Шілде айында Алматының тау етегіндегі аудандарының бір бөлігі сусыз қалды. Бірнеше апта бойы тұрғындарға су көлікпен жеткізілді.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты