Алматыда егде жастағы кісі қарттар үйінің терезесінен құлап кетті

Сурет: zakon.kz
Қарттар үйіндегі науқас белгісіз себептермен "Забота" деп аталатын мекеменің терезесінен құлап кеткен. Мекеме қызметкерлері оны дәрігерлерге көрсетудің орнына, ішке кіргізіп жатқызып қойған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Забота" қарттар үйінде болған жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Артынша ол кадрлар әлеуметтік желіге тарап кетті. Бейнежазбаға қарағанда, қартты қарттар үйінің қызметкерлері орнынан тұрғызып, ішке кргізіп, төсегіне жатқызған.
Кейін терезеден құлап кеткен зейнеткердің бірнеше жері көгеріп, сынғаны белгілі болды.
Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаға қатысты тергеу басталған.
"Істің мән-жайын зерделеу үшін материалдар Алматы қалалық медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау департаментіне жіберілді", – делінген елордалық полиция департаментінің хабарламасында.

Жақында Талғар аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болған науқастың туыстары дәрігер мен медбикеге шабуыл жасағаны хабарланды. Зардап шеккен медицина қызметкерлерінің жағдайы ауыр деп бағаланды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді