Петропавлда қатарластарына балтамен тап берген оқушыға қатысты істі тергеу аяқталды

Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері оқушыларға балтамен тап берген тоғызыншы сынып оқушысына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Петропавл мектебінде бұл төтенше жағдай 2023 жылдың ақпан айында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық тергеудің аяқталғаны жөнінде облыстық полиция департаменті patriot_patriot Telegram арнасына хабарлаған:
"Петропавлдағы №4 орта мектептің оқушыларына жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Іс танысып, сотқа жіберу үшін прокуратураға тапсырылды".
Ведомство бұл істі СҚО ПД Тергеу басқармасы тергегенін нақтылады. Күдікті – тоғызыншы сынып оқушысы уақытша ұстау изоляторында жатыр.

2023 жылғы 13 ақпанда Петропавлдағы №4 орта мектепте жаға ұстатарлық болды: 9-сынып оқушысы сыныпқа балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жаралаған. Мектеп оқушылары тоғызыншы сынып оқушысын залалсыздандырған. Мектепке балта алып барып, қатарластыра тап берген оқушының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды