Оралда етті бүлдіріп алған балабақша меңгерушісі қызметінен босатылды

Сурет: pixabay
Мемлекеттік балабақшада бүлінген еттен сорпа әзірленгені анықталып, мекеме меңгерушісі 25 қыркүйекте жұмысынан босатылды. Сондай-ақ, аспаз бен қойма меңгерушісі қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орал қалалық білім басқармасы ата-аналардың балабақшадағы бүлінген өнімдерге қатысты шағымдары бойынша тексеруді бастады, деп жазады "Мой город". Бүгін, 26 қыркүйекте тексеру қорытындысы жария болды.

"Тексеру қорытындысы бойынша балабақша меңгерушісі 25 қыркүйекте қалалық білім басқармасы басшысының бұйрығымен жұмыстан босатылды. Қойма меңгерушісі мен аспазға қатаң сөгіс берілді. Мәзірді қатаң қадағалау туралы тапсырмалар берілді", деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

2023 жылы 25 қыркүйекте Орал қаласында бүлдіршіндерге бүлінген еттен жасалған сорпа әзірленгені белгілі болды.

Ата-аналар балаларға арналған сорпаның дәмін көріп, еттің бүлінгенін кездейсоқ анықтаған. Олар дереу білім беру мекемесінің басшылығына шағымданған. Өз кезегінде ол тоңазытқыштардың бірінен ақау анықталып, еттің бүлінгені белгілі болғанын айтқан. 

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды