Павлодар облысында картоп сақтайтын ангар өртенді

Сурет: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі
Қызыл жалын 2200 шаршы метр аумақты иектеген. Ангарда таудай болып үйіліп жатқан картоп сақталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы ТЖД мәліметінше, 2023 жылы 26 қыркүйекте сағат 19-08-де өрт сөндірушілерге Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылында "Ақтоғай АГРО" ЖШС-нің ангарынан түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткеннен кейін бір қабатты металл ангарда қабырға жабындысы өртеніп жатқанын анықтады. Шамамен қызыл жалын жалпы ауданы 2200 шаршы метрге тараған (ангардың жалпы ауданы 5000 ш.м.)". Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ангарда сақтау үшін жиналған картоп болған. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі мен шығыны анықталуда.

Айта кетсек, Петропавлда жеке үй өртеніп, екі баласымен бірге жас келіншек қаза тапты.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі