Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавлда жеке үй өртеніп, екі баласымен бірге жас келіншек қаза тапты

Өрт, Петропавл, екі баласымен бірге жас келіншек өртенді, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2023 21:47 Сурет: pixabay
Петропавлда үй өртеніп, екі кішкентай бала анасымен бірге тірідей жанып кетті. Ажалмен арпалысқан 20 жастағы келіншек өмірінің соңына дейін балаларын құтқаруға тырысқан. Ол 1,5 жасар қызы және 5 жасар ұлымен бірге өртенген үйдің есігінің жанынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрттің қатты болғаны сонша, қызыл жалын қаланың екінші шетінен көрінген. Көршілер кіреберіс бөлмеде тұтанған от бірден күш алып, баспананы күлге айналдырғанын айтады, деп хабарлайды КТК.

"Көршім терезеден секіріп түсіп, іште балаларым мен әйелім қалды деп айғай салды. Тұра жүгірдім, дем алу мүмкін емес. Өрт сөндірушілер тез жетті. Бірақ құтқарып қала алмады. Жап-жақсы отбасы болатын. Әйел жұмыс істейтін. Бәлендей проблемасы жоқ еді. Бұрыннан танушы едім, амандасып жүретін". Юрий Сухарев, көршісі

Көршілер бұл үйге 80 жыл болғанын, өте ескі екенін, әжелерінен мұраға қалғанын айтады. Бес адам тұрып жатқан. Үй иесінің анасы сол күні жұмыста болыпты. Өрт сөндірушілер хабар жеткен соң-ақ бес минутта келген. Бірақ екі баласымен далаға ұмытылған ананы құтқара алмапты.

"Өрт орнына Петропавл қаласының №5 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 15 адам үш цистернамен шықты. Оқиға орнына жету уақыты 5 минутты құрады. Алдын ала болжам бойынша, өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажет сараптамалар тағайындалды".Петропавл қалалық ТЖБ бастығы Назымбек Елемесов


Өрттен аман шыққан үй иесі мен жұмыста болған оның анасына жергілікті әкімдік көмек береміз деп отыр.

"Жергілікті атқарушы орган тарапынан жерлеу рәсіміне, уақытша пәтер жалдауға және басқа да қажеттіліктерге арнайы қаржы бөлінетін болады. Бұл жерге облыс басшылығы, қала басшылығы кеше түнде келді. Қаза тапқандардың туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз". Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова

Өрт-техникалық, медициналық сараптама дайын болғаннан кейін ғана адам өмірін жалмаған өрттің шығу себебі анықталады. Ұшқын әбден ескірген электр сымдарының тұйықталуынан болуы мүмкін деген болжам бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: