Алаяқтық жасап сотталған Қазақстан азаматы Украинадан экстрадицияланды

Сурет: видеодан скриншот
Украинадан алаяқтық үшін сотталған азамат экстрадицияланды. Бұл жөнінде 2023 жылғы 27 қыркүйек күні Zakon.kz басылымына Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Қадағалаушы орган таратқан мәлімет бойынша, Украинаның Әділет министрлігі Қазақстан сотының үкімін орындаудан жалтарған "М" есімді азаматты Қазақстан Республикасына беру туралы шешім қабылдады.

"Сот аталған азаматты 2017 жылы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, шартты мерзімге соттады. 2019 жылы "М" азаматы соттың өзіне жүктеген шектеулерін бұзып, жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынып, іздеуге жарияланды".ҚР Бас прокуратурасы

Бас прокуратура өкілдерінің айтуынша, осы жылдың тамыз айында іздеуде жүрген адамды Украина аумағында осы елдің құқық қорғау органдары ұстады.

"Бүгін Қазақстан Республикасының Украинадағы, Молдовадағы және Түркиядағы елшіліктерінің қолдауымен Қазақстан Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері оны біздің елге экстрадициялады".ҚР Бас прокуратурасы

Ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

ҚР Бас прокуратурасы
Алаяқтардан сақ болыңыз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды