Қарағандыда нөсер жаңбыр жауып, көшелерді су басты

Сурет: видеодан алынды
Қарағанды көшелерін жаңбырдан кейін су басты. Әлеуметтік желіде тараған төтенше жағдайды сипаттайтын видеолардан қаладағы суағарлар істемейді деп топшылауға да болатын секілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ашулы қала тұрғындары тап осы мәселені көтеріп, Instagram-дағы парақшаларында жаппай жазба жариялады.


Қала әкімі Мейрам Қожықов өз кезегінде қала тұрғындарына есеп беріп, суды жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын көрсетуді ұйғарыпты.

"Әкімдік суағарларды ашумен айналысып жатыр". Осындай жазбамен қала әкімі алғашқы видеоны Instagram-дағы жеке парақшасында сағат 17:00-де жариялады. Видеодан әкімдік адамдарының қаланы басқан суды қалай тазалауға шешім қабылдағанын көруге болады.

17:30-да жарияланған екінші видеода да тағы суды соруға арналған арнайы техника жоқ, жұмысшылар тек бітелген суағар кәріздерін ашып жүр. 

Әкім үшінші видеосын сағат 18:00-де жариялады. Барлық үш видеода әкім көшелерді басқан сумен күресте суағарлардың қақпағын ашқанын көрсетеді.

"Барлық учаскеде су азайды. Жаңбыр суын қабылдаушы желі толық көлемде жұмыс істеп тұр", - деп жазды әкім соңғы жазбасында.


Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды