"Сарбаздар есікті бұзып кірді". Желідегі видеоға қатысты құзырлы мекеме түсініктеме берді

Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласындағы департаменті қызметкерлерінің "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ қалалық филиалында тінту жүргізген сәтінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеоның ғимаратқа қойылған бейнебақылау камерасынан алынғанын байқауға болады. Онда ҰҚКД-нің бір топ қызметкері орталыққа баса-көктеп кіріп, жабық тұрған кабинеттің есігін бұзғаны анық көрінеді. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің (ҰҚКД) қызметкерлері тінту жүргізгенін растады. Арнайы операция 1 қыркүйекте өткен, деп жазады Otyrar.kz.


"Тінту барысында жер учаскелерінің шекараларын заңсыз ауыстыру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізу шеңберінде бірқатар жер-кадастрлық істер тәркіленді. Айта кетейік, бүгінгі таңда ҰҚКД-дан жоғарыда аталған іс-шаралар бойынша Мемлекеттік корпорация атына түсініктеме берілмеген" делінген мәліметте.



Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі