"Өзіміз ғой Арай": Қарағанды облысында қаржы пирамидасын құрған әйел ұсталды

Сурет: freepik
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаменті қызметкерлері қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деп күдікке ілінген облыс тұрғынына қатысты істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҚМА баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында Қарағанды облысының тұрғыны бұрын қаржы пирамидасы арқылы халықтан ақша жинағаны үшін сотталған, ол жеке тұлғалардан 50%-дан 300%-ға дейінгі мөлшердегі төлемдерді уәде ете отырып, 1 күннен 3 күнге дейінгі мерзімге 50 мыңнан 300 мың теңгеге дейін көлемінде қаражат тарту арқылы WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде чат құрғаны анықталған. Ақша банктік қосымша арқылы аударылған.

"Күдікті ұсталып, оған қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Ведомство қазір "Өзіміз гой Арай" чатында 100-ден астам қатысушыны анықтады, қазіргі уақытта "Люкс чат", "Чек чат Люкс 100%", "Вклад чат 50%" деп аталатын чаттардың салымшыларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Агенттік өкілдері халықты қырағы болуға және жинағын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырды

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

Астанада ер адам өзін негізсіз жұмыстан шығарған жұмыс берушісінен 7 млн теңге өндіріп алды

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

Шымкентте көлігінен 4 млн теңгенің заты табылған ер адам қамауға алынды

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды