Астанада Sterling Invest қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 80-нен астам адамды алдап кетті

Сурет: freepik
ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша Sterling Invest ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің 4 қазан күні хабарлауынша, Sterling Invest компаниясын құрушылар құрылыс материалдарын сатып алу үшін салымшылардың қаражатын тартып, 20%-дан 40%-ға дейінгі мөлшерінде сыйақы беруге уәде еткен. Инвестицияның ең төменгі сомасы 200 000 теңге деп белгіленген. Ақшаны 15 күннен 35 күнге дейінгі мерзімде қайтарып беруге тиіс болған.

Қаржы пирамидасын құрушыларға сенген астаналықтар жеме-жемге келгенде ақшасыз қалған. Қазіргі уақытта 80-нен астам адам жәбірленуші ретінде танылып, оларға жалпы сомасы 250 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілгені анықталды.

"Сонымен қатар MegaSnabGroup.KZ және "Азия Сталь Казахстан" ЖШС еншілес кәсіпорындары анықталып, олар да сыйақылардың үлкен пайызын уәде ете отырып, құрылыс материалдарын сату және инвесторлардың қаражатын тарту бойынша ойдан шығарылған қызметпен айналысады. Сонымен қатар, компаниялар әрбір әкелінген инвестор үшін инвестиция сомасының 5%-дан 10%-ға дейінгі мөлшерінде қосымша табыс алуға уәде береді".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, сот бұл қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыға "үй қамауы" түріндегі бұлтартпау шарасы ретінде санкция берді.


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді