Шымкентте оқушыны көлігімен қағып кеткен жүргізуші бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Сурет: polisia.kz
Полицейлер Шымкентте тоғыз жасар оқушыны көлігімен қағып өлтірген BMW жүргізушісін ұстады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, көлік жүргізушісі бес жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі 9 қазанда таратқан мәлімет бойынша, жантүршігерлік жол апаты 7 қазан күні сағат 18:45 шамасында болған. Арғынбеков көшесінде BMW-530 жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Тоғыз жасар бала сол жерде көз жұмды.

Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, соның қорытындысы бойынша іс сотқа жолданады. Полицейлер қажет сараптамалар тағайындалғанын қоса айтты.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы") BMW көлігінің жүргізушісі бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді