Алаяқтық жасады деген күдікті Швециядан Қазақстанға экстрадицияланды

Сурет: pexels
Бас прокуратура алаяқтық жасады деп күдікке ілінген Қазақстан азаматын Швециядан экстрадициялады. Бұл жөнінде 2023 жылғы 23 қазанда Zakon.kz сайтына ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Бас прокуратура жариялаған мәлімет бойынша, 2019 жылғы тамыз айында Алматыда өзін "Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріміз" деп таныстырған бір топ адам кәсіпкер ісіне тексеру жүргізіп, "қылмыстық жауаптылыққа тартамыз" деген желеумен 30 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты жымқырмақ болған.

"Олардың әрекетінің жолын кесу кезінде біреуі қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланды. Кейіннен Қазақстан тарапының өтініші бойынша оны Швеция Корольдігінің құқық қорғау органдары Стокгольм қаласында ұстады".Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Қадағалаушы орган күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

"Бұл қылмысты жасағаны үшін оның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін".Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Бас прокуратура 2023 жылғы 12 қазан күні Украинадан LIDER қаржы пирамидасын басқарды деген күдікпен іздеуде жүрген Қазақстан азаматы экстрадицияланғанын хабарлады. Тергеушілердің мәліметінше, ол 240 азаматқа 1,2 млрд теңге шығын келтірген.

ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды