"Әскери чатта" айтылды деген белгісіз ер адамның хабарламасы Telegram-дағы egovpress арнасында жарияланды.
"Менде әскери чат бар, сол жерден маған осындай ақпарат түсті. Көшеде жүргенде абай болыңыз, дүкенге барсаңыз да болмайды жігіттер... Митингіге қатыссаң да, қатыспасаң да көлігіңнен тура алып кетеді. Осыған байланысты, балалар, абай болыңдар, айналаңа қараңдар. Прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті көтеріліп жатыр. Батальондар әр қаладан шақырылады: Мәскеуден, Атыраудан, Тараздан, Қызылордадан, Қостанайдан. Ең қатал митингілер Алматы мен Астанада өтеді деп болжап жатыр. Көтерілістерді прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті көтеріп отыр. Қазірдің өзінде батальондар дайындалып жатыр. 23-інен бастап желі болмайды, Kaspi де жұмыс істемейді", – деді Шүкір Досым деген жігіт.
Еліміздің Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде тараған аудиожазбаға қатысты жауап берді.
"Аудио жазбадағы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ішкі істер органдары жалған хабарлама таратушыны іздестіріп жатыр", - деп хабарлады Zakon.kz тілшісіне ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Ведомство сонымен қатар Қазақстан халқына:
"Ішкі істер министрлігі азаматтарды арандатушылыққа бой алдырмауға шақырады және 274-бапқа сәйкес ("Күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің, қорғаушының және жәбірленуші өкілінің сараптама тағайындау және жүргізу кезіндегі құқықтары ." – Редакцияның ескертуі) ҚР Қылмыстық кодексінің көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікті белгіледі".
17 қазан күні әлеуметтік желіде полиция көліктерінің қозғалып бара жатқан колоннасының видеосы тарады: видео авторлары Қазақстанның құқық қорғау органдары 25 қазанда өтетін митингілерге дайындалып жатыр деген болжам айтты. Бұл қауесеттерге ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха түсініктеме берді. Ол еліміздегі қызметі заңсыз "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымының мүшелері митингілерге шақырып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі ҚДТ мүшелеріне ел аумағында митинг өткізуге рұқсат бермейді.