Алматыда жолаушылар тасымалына 30 жаңа автобус берілді

Сурет: Алматы әкімдігі
Жеке тасымалдаушы "Мадина" ЖШС сыйымдылығы үлкен (100 адамға дейін) Yutong маркалы газбен жүретін 30 жаңа автобус (автобустың ұзындығы – 12 метр) сатып алды.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, барлық автобус төмен еденді. Олар кондиционермен және пешпен жабдықталған.

Аталған автобустар есебінен №128 және №72 маршруттар жаңартылады. №128 маршрутта 17, ал №72 маршрутта 9 автобус жаңартылады. Қолданыстағы автобустар №25 маршрутқа бағытталады.


"Жалпы субсидиялау шарты бойынша тасымалдаушылар әр 7 жыл сайын жаңа автобустар сатып алады. Биыл жеке автопарктер 355 жылжымалы бірлік сатып алды. Соның есебінен 22 маршрут жаңартылып, 9 жаңа маршрут іске қосылды", - делінген әкімдік хабарламасында.

Анықтама үшін:

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды