Қостанай облысында ит аулаған ер адам жергілікті тұрғындарды шошытып жіберді

Сурет: pixabay
Қостанай облысының тұрғыны қаңғыбас иттерді шетінен қынадай қырып жүргендерді видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай News Ұзынкөл ауданының тұрғыны бетперде тағып, иттерді мылтығымен атып жүрген ер адамның видеосымен бөліскенін жазады. Видеода оқ тиген ит те бірден жан тапсырмай, біраз уақытқа дейін бұралып қиналып жатады. Сонымен қатар, видеодан ветеринарлық станцияның көлігі де байқалады. Инспекция қызметкері итті атуға рұқсаты бар екенін айтады.

Алайда, жергілікті волонтерлар жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы қолданыстағы заң бұл өңірде мүлде сақталмағанын атап өтті. Адамдар мен балалардың көзінше, комиссия рұқсатынсыз иттерді ату бұзушылық болып табылады. Сондай-ақ олар қаңғыбас жануарларды зарарсыздандыру, аулау және вакцинациялау жүйесінің кемшіліктерін де атап көрсетті. 

Полиция ит ату фактісі орын алғанын растады. Итті атқан адамның жеке басы анықталды. Ол жеке жануарларды аулау компаниясының қызметкері болып табылады.

"Қазіргі уақытта фирмаға (заңды тұлғаға) қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабы, "Жануарларға жауапты қарау саласындағы ҚР заңнамасын бұзу" бойынша әкімшілік іс қозғалды. 30 АЕК немесе 103 мың 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Семейде мысық өлтірген 26 жастағы ер адам 90 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегілді. 


Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді