24 қазан күні "102" пультіне Рудный қаласының 92 жастағы тұрғыны алаяқтардан зардап шеккендігін хабарлады. Оның үй телефонына қоңырау түскен.
Алаяқтар өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, немересі жол-көлік оқиғасын жасағанын айтқан. Әйел бірден 1,5 миллион теңгесі бар пакетті курьерге тапсырды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша хабарлама тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Полиция сыртқы бақылау камераларын пайдалана отырып, дроппер мінген көлікті анықтады. Кейінірек олар ақшаның облыс орталығы – Қостанайға аударылғанын білді. Сол күні екі жас жігіт ұсталып, ақша зейнеткерге қайтарылды. Күдіктілер 200 мың теңгені жұмсап үлгерген. Олардың бірі осындай әрекеттері үшін бірнеше рет жауапқа тартылған", – дейді криминалдық полиция қызметкері Мадияр Тәжин.
Зардап шеккен кейуананың немересі қылмысты жедел ашқан полицейлерге алғысын білдірді.
Полицейлер кезекті мәрте облыс тұрғындарын қырағы болуға және күмәнді ақпаратқа сенбеуге шақырады!