Ақтөбеде полицейлер 1,5 сағат бойы әйелді өзіне қол жұмсау райынан қайтаруға талпынды

Сурет: pexels
Ақтөбеде 25-қабаттан секірмек болған әйелді полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 қарашада оқыс оқиға болды: қаланың 11-шағын ауданында орналасқан "Ақтөбе ажары" тұрғын үй кешенінің жанынан өтіп бара жатқан полицейлер 25-қабаттан секірмек болған адамды байқады.

Полиция дереу әйел адамға жақындады. Ол қатты эмоциялық күйде болған және өзіне ешкімді жақындатпаған. Қызметкерлер бірден онымен сөйлесіп, тыныштандыруға кіріскен.

"Полиция қызметкерлері бір жарым сағат келіссөздің нәтижесінде қиын жағдайға тап болған әйелді тыныштандырды. Олар әйелді мұндай әрекеттен бас тартуға көндіре алды".

32 жастағы келіншек мұндай шарасыз қадамға жақын туыстарының қайтыс болуынан, туыстарымен және достарымен келіспеу салдарынан барғанын айтты. Ол медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді