Оралда пойыз басып кеткен адамды дәрігерлер аман алып қалды

Сурет: pixabay
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 7 қарашада Оралдағы "Белая Казарма" аялдамасы аумағында ер адамның пойыз астына түскенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталы мәліметінше, дәрігерлер бригадасы оқиға орнына 5 минуттан кейін келіп жеткен. 33 жастағы ер адамның аяғы шойын темірде қалып кеткені белгілі болды. Оқиға орнында дәрігерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, одан соң оны облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізді. 

"Зардап шеккен ер адамның жағдайы өте ауыр болды, ол көп қан жоғалтып, ес-түссіз болды. Травматолог, реаниматолог, нейрохирург және анестезиологтан тұратын дәрігерлер тобы шұғыл отаға кірісті. Оның аяғын кесуге тура келді. Қазір науқастың жағдайы "тұрақты ауыр" деп бағалануда, ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды", делінген хабарламада.

Ер адам травматолог Қанат Өтегеновке, хирург Ерғали Байкатовқа, анестезиолог Айбек Түрікпеновке, реаниматолог Арман Дүйсәлиевке, анестезист Галина Астоваға, медбике Нұрай Ғазезге алғыс білдіретіні де атап көрсетілген.


Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент

Шымкенттік спортшы Софья Берульцева "Парасат" орденімен марапатталды