"ҚазТрансГазАймақ" АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы қамауға алынды

Сурет: видеодан скриншот
"ҚазТрансГазАймақ" АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы қамауға алынды. Бұл жөнінде 2023 жылғы 14 қараша күні ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділовтің айтуынша, "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы қала тұрғындары мен шаруашылық субъектілерінен 70-тен 300 мың теңгеге дейінгі мөлшердегі заңсыз ақшалай сыйақылар бопсалаған.

"Олар бұл қаражатты газды қосу рұқсатын және техникалық шарттарды жедел алу үшін талап еткен. Өңірдегі газдандыру саласындағы жүйелі проблемалар ҚМА Ұлытау облысы бойынша Департаментінің әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуі нәтижесінде анықталды", – делінген хабарламада.

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шаралардың нәтижесі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді.

"Күдіктілерге қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды".Әлібек Әбділов

Ол қазір тергеу жүріп жатқанын, ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі