Ақтөбе облысында алаяқтар бюджет қаражатының 970 миллион теңгесіне жоқ ірі қара мал сатып алған

Сурет: Zakon.kz
Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалында ірі қара мал сатып алу үшін несие алу кезінде жасалған алаяқтық фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің 15 қараша күні мәлімдеуінше, үш адам "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Ақтөбе филиалынан несие алу кезінде "ірі көлемде алаяқтық жасады" деген күдікке ілінді. Күдіктілер несиені "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы бойынша мал сатып алу алған.

"Күдіктілер жалған құжаттарды пайдалана отырып, асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуға бөлінген кредиттік қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған, сондай-ақ бөгде тұлғаларға шаруа қожалықтарын ресімдеген. Құқыққа қайшы әрекеттері арқылы олар мемлекетке жалпы сомасы 970 млн теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірген".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Үш күдікті ұсталды, оларға қатысты сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Күдіктілердің шамамен 260 млн теңгеге жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды. Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды.


Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті