Екібастұздық қыз кәсіпкерлерді жүздеген миллион теңгеден алдап кеткен

Сурет: pxhere
Екібастұздың 20 жастағы тұрғыны астаналық кәсіпкерлерді жүздеген миллион теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол WhatsApp желісінде түрлі тауарларды жарнамалап, кәсіпкерлерге көтерме бағамен ұсынған.

"Смартфоннан бастап ыдыс-аяққа дейін жеткізу ауқымы таң қалдырды. Алайда тауарды сатып алу үшін кезекті соманы алғаннан кейін әйел хабар-ошарсыз кеткен", – деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.

Полицейлерге елорда тұрғыны хабарласып, Қытайдан тауарға тапсырыс бергенін айтқан. Төлем талап етілгендіктен, 31 миллион теңгені бірден аударған.

Қазіргі дейін ол қыздың үстінен тағы үш кәсіпкер полицияға арыз түсірді.

Болжам бойынша, 50-ге жуық азамат дәл осындай схеманы қолданып, алданған, бірақ зардап шеккендер одан да көп болуы мүмкін.

Күдікті өз кінәсін мойындап, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндірді. Қазір алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды