Қазақстанның үш қаласында экстремистік топтың 12 мүшесі ұсталды

Сурет: gov.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде үш қалада радикалды діни топтардың мүшелерін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 15 қараша күні таратқан мәліметі бойынша, ведомство Астана, Атырау және Жезқазған қалаларында радикалды діни топтардың ұяшықтары бейтараптандырды. Терроризмді насихаттау, сондай-ақ экстремистік топты құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу бойынша күдікпен топтың бір мезгілде 12 мүшесі ұсталды.

Сурет: gov.kz

Тергеу болжамы бойынша, олар Қазақстандағы зайырлы құрылымды құлатуды көздеген. Ол үшін экстремистік идеологияны таратқан және қатарларына жаңа жақтастарды тартқан.

"Фигуранттардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша тінту барысында тыйым салынған әдебиеттер мен басқа да дәлелді заттар айқындалды. Топтың бірқатар мүшелері полиция қызметкерін өлтіру, бандитизм, қарақшылық, тонау және зорлау секілді ауыр қылмыстар жасағандары үшін бұрын сотты болғандар".ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сурет: gov.kz

Ведомство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек