"ӨзенМұнайГаз" АҚ басшыларының қылмыстық ісі сотқа жіберілді

Сурет: Zakon.kz
Қаржылық монитринг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті "ӨзенМұнайГаз" АҚ басшылығына қатысты тергеуді аяқтап, қылмыстық істі сотқа жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, "ӨзенМұнайГаз" АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Мамбетсапаев қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Тергеу нұсқасы бойынша, ол іс жүзінде жұмыс істемейтін және негізсіз жалақы алған таныстарын жалған жұмысқа тартқан.

Сурет: ozen.kz

"ӨзенМұнайГаз" АҚ бас директорының тағы бір бұрынғы орынбасары Е.Карамурзаевқа ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша заңсыз тендер өткізу арқылы сатып алуға қатысқан басқа қатысушылардың мүдделеріне нұқсан келтіріп, жекелеген компаниялардың мүдделерін қорғады деген айып тағылды. Келтірілген шығып көлемі – 623 млн теңге.

"Сонымен қатар алдын ала сөз байласу арқылы сеніп тапсырылған 294 млн теңгені жымқырып, талан-таражға салған "ӨзенМұнайГаз" АҚ мұнай-газ өндіру басқармасы директоры мен жеткізушіге айып тағылды".ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Барлық қылмыстық істер сотқа жолданды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі