Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырушы 200 адамды 700 миллион теңгеге алдап кетті

Сурет: Zakon.kz
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Chia Tai Tianging қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімше басшысына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің 2023 жылғы 17 қарашада мәлімдеуінше,  ведомство 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың сәуірі аралығында  Chia Tai Tianging қаржы пирамидасының қаладағы филиалын Шымкент қаласының тұрғыны басқарғанын анықтады.

Агенттіктің мәліметінше, күдікті қаржылық пирамидаға 200-ден астам салымшы тартқан, олар пирамидаға 700 млн теңге қаржы құйған. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді.

"Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтінін ескертеміз. Азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырамыз". ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Шымкенттіктер Chia Tai Tianging Group қаржы пирамидасына 83 миллион теңге салған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі