Маңғыстау облысында бейімдеу орталығының директоры бюджет қаражатынан 2,6 млн теңгені туыстарына аударған

Сурет: Zakon.kz
Маңғыстау облысындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының бұрынғы директорына қатысты бюджет қаражатын жымқыру күдігімен тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы прокуратурасының 2023 жылғы 23 қараша күнгі мәліметі бойынша, 2022 жылы облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының бұрынғы директоры өзінің тумаластарын жұмысқа заңсыз орналастырып, олардың шоттарына 2,6 млн теңге аударған. Туыстары іс жүзінде жұмыс істемеген, дегенмен ай сайын жалақысы төленіп, негізсіз сыйақылар есептеліп отырған.

"Бұрынғы директордың іс-әрекетінде бюджет қаражатын жымқыру қылмыстық құқық бұзушылық құрамының байқалуына байланысты, прокурорламен ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 2)тармақшасында көзделген сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", – делінген облыстық прокуратура таратқан хабарламада.

Тергеу іс-құжаттары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне жолданды.

Қадағалаушы орган бұған қоса, басқа да анықталған заңдылықтың бұзылулары бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, 2 мекеме директорына 7 әкімшілік іс-құжаттары толтырылғанын мәлімдеді.





Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды