Қарлы боранда жоғалып кеткен Батыс Қазақстан тұрғынының денесі табылды

Сурет: pixabay
БҚО Полиция департаменті полицейлердің 22 қараша күні жоғалып кеткен ер адамның денесін тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" порталының хабарлауынша, 22 қараша күні кешкісін полицияға Теректі ауданы, Ақжайық ауылында 1961 жылы туған ер адам жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен. Ол сағат 10:00-де жұмыстан шығып, үйіне оралмаған. Сол күні боран болды. Іздеуге тікұшақ жұмылды.

"24 қарашада Ақжайық ауылынан 10 шақырым жерде зорлық-зомбылық белгілері жоқ жоғалған ер адамның денесі табылды. Өлім себебін анықтау үшін мәйіт сараптамаға жіберілді", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Ақмола облысында жоғалып кеткен полицейдің өлі күйінде табылғаны хабарланған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?