Алматылық полицейлер іздестіріліп жүрген күдіктіні ұстады

Сурет: polisia.kz
Алматы облысының полиция қызметкерлері іздеуде жүрген қауіпті күдіктіні ұстады.

4 қарашада Алматы облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қонаев қаласында "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 1991 жылғы К есімді азаматты ұстады.

Жедел ақпарат бойынша ұсталған адам ҚР ҚК 194-бабының 4-бөлігі (Бопсалау) бойынша Жамбыл облысының ПД бастамасымен мемлекетаралық іздеуде болған. Күдікті – деструктивті діни ағымның жақтаушысы. Тінту кезінде одан діни әдебиеттер, қалта пышағы мен балта табылды.

"Қазір ұсталған адамның облыс аумағындағы басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысын анықтау бойынша барлық қажет тергеу шарасы жүргізіліп отыр. ҚР ҚПК 201-бабы шеңберінде өзге ақпарат жарияланбайды", - делінген Polisia.kz хабарламасында.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады