Маңғыстау облысында түнгі клубта төбелескен екі полицей қызметтен қуылды

Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде Ақтаудағы түнгі клубтардың бірінде екі полиция қызметкері төбелескені, жанжал барысында асхана пышағы қолданылғаны жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркелді, деп жазды mangystaumedia.kz басылымы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер ішкі істер органдарынан босатылды.

Облыстық полиция департаменті "төбелеске асхана пышағы қолданылды" деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын түсіндіреміз", –деп атап өтті облыстық полиция департаменті.

Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкері Рустам Күлкеевке іздеу жариялады. Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасының бұрынғы бастығы ұрлық жасады және қызметін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

Президент 24 қарашаға дейін жемқорлықты күрт азайту жөніндегі шараларды ұсынуды тапсырды

Алматы метросындағы жанжал: екі жолаушы жауапқа тартылды