Қостанай облысында малдан бруцеллез анықталып, үш ауданда шектеу шаралары енгізілді

Сурет: pixabay
Қостанай облысында мал арасындағы аталған індет тарап кетпес үшін,үш ауданда шектеу шаралары енгізілді. Елдімекендерде шектеу шаралары инфекция толық жойылғанша жалғасады. Осы аралықта індет ошағына ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге және шығаруға тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шаруа қожалықтарының 300 бас малы бруцеллез жұқтырған. Қазір ауру ошағы анықталған жерлер залалсыздандырылып жатыр. Ал жұқпалы кеселден аман қалған ірі қараны сойып, ет комбинатына тапсырып жатыр. Иесіне ет бағасының 30%-і көлемінде өтемақы беріледі, деп хабарлайды "Хабар 24".

"Төрт түлік екі рет санитарлық тексеруден өтеді. Дерт жұқтырмағаны анықталса, елдімекендерде шектеу шаралары алынады. Қазіргі уақытта Меңдіқара ауданында 78, Наурызым және Әулиекөл аудандарында жүзден аса малдан бруцеллез белгілері табылды. Ауру мал ем комбинаттарына жеткізіліп, иелеріне өтемақы берілді".Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ақат Шектібаев

Айта кетсек, бірер күн бұрын СҚО-ның төрт ауылында малдан бруцеллез анықталған болатын

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі