Автобус, мопед, өртенген көлік: Алматыда бір көшенің бойында екі жол апаты болды

Алматыда алдымен Мақатаев пен Масаншы көшелерінің қиылысында автобус пен мопед соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

№9 қалалық жолаушылар автобусы Мақатаев көшесімен шығыс бағытта келе жатқан. 

Масанчи көшесімен қиылыста автобус алдынан мопед атып шыққан. 

Автобус жүргізушісі қанша амалдаса да мопедпен соқтығысқан. 

Сурет: Zakon.kz

Соққы салдарынан мопед жүргізушісімен қоса бір жаққа ұшып түскен. Жол апаты куәгерлері оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырды. Дәрігерлер зардап шеккен мопед жүргізушісін ауруханаға алып кетті, бірақ біраз уақыттан кейін ол апат орын алған жерге оралып, мопедіне отырып кетіп қалды.

Сурет: Zakon.kz

Біршама уақыттан кейін бір жас жігіт полицейлерге жүгіріп келіп, өрт сөндіруге арналған құрылғы сұраған. Оның айтуынша, көлігі өртеніп кеткен.

Сурет: Zakon.kz

Белгілі болғандай, Мақатаев көшесімен батыс бағытта келе жатқан Kia CEED маркалы автокөлік жол шетіне тоқтап, жүргізушісі досын күтіп тұрған.

Алайда, бірнеше минуттан кейін капоттан түтін шыға бастаған. "Ертіс 12" патрульдік полиция полкінің кезекші бөлімі экипажының қызметкерлері - капитан Бағлан Беріков пен аға лейтенант Қуаныш Әбдікәрімов өрт сөндіргіш құралымен оқиға орнына дер уақытында жетті. Сондай-ақ, қарама-қарсы бар қызметкерлері өртті сөндіруге көмектесу үшін келген. 

Доңғалақ жарылғаннан кейін өрт сөнді. 

Kia жүргізушісінің айтуынша, оқиғадан бір ай бұрын ол ксенон шамдарын ауыстырған. Өрт дәл сол жерден басталған. Ол шамдарды сапасыз орнатқан деп болжайды, соның салдарынан төтенше жағдай орын алуы мүмкін. 

Сурет: Zakon.kz

Өртенген Kia-ның алдында жалын ұласуы ықтимал Toyota Camry көлігі тұрды. 


Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: