Мас қыз аулада көлігімен әйел адамды қағып, жазым қылды

Сурет: Zakon.kz
Астанада мас қыз тұрғын үйдің ауласында бір әйелді көлікпен қағып өлтіріп, үш көлікті соқты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, 28 қарашада тұрғын үйдің ауласында Toyota Camry көлігінің 20 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, артынша тұрақтағы үш көлікті соққан.

Оқиға салдарынан 42 жастағы әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Полицейлер Toyota көлігінің жүргізушісі мас болғанын мәлім етті.

"Бұл жағдайға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі ( Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті көздейді. Қажетті сараптамалар тағайындалды", – делінген хабарламада.

Бойжеткен уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды