ШҚО-да үш ересек адам мен бір бала иен далада адасып кеткен

Сурет: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Үш ересек адам мен 2010 жылы туған бала Глубокое ауданындағы ара шаруашылығына аттанып, адасып кеткен. 4 желтоқсанда ШҚО ТЖД құтқарушылары оларды іздеуге аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, олардың ара шаруашылығына келіп жеткен көлігі бұзылып қалған, сондықтан олар өз бетінше елдімекенге орала алмаған. 

"ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жолға шығып, қар жауып тұрғанда қиын жолдарды жүріп өтіп, Киреевка ауылынан шамамен 3 шақырым қашықтықтағы ара шаруашылығынан аталған азаматтарды тапты. Арнайы техниканың көмегімен олар Өскеменге жеткізілді. Бақытымызға орай, олар медициналық көмекті қажет етпеді". ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Бір күн бұрын облыста дауылды ескерту жарияланғаны да еске салынады.


"Құтқару операциясы сәтті аяқталды. Азаматтардың ешнәрсеге қарайламай жолға шығуы төтенше жағдайға әкеліп соқты. ШҚО ТЖД құтқарушылары қауіпсіздік шаралары туралы брифингтерді тұрақты ұйымдастырып келеді. Алайда, соған қарамастан көп адам қолайсыз ауа райында және дауылды ескерту кезінде елдімекендерден тыс жерлерге еш алаңсыз шыға береді. Соның кесірінен, әдетте төтенше жағдайларға тап болады", - дейді құтқарушылар.
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды